Күдіктінің үйінен есірткіге толы осындай бес пластмасс құты тәркіленді. 54 жастағы ер адамның героин сатып жүргенін білген тәртіп сақшылары оны ұзақ уақыт аңдыған екен. Есіртікіні жасырған жерін иісшіл ит тапты. Ол бұрын да ұрлық жасағаны үшін істі болған. Енді біраз уақытқа дейін бостандық көрмеуі мүмкін.