Атақты Шалқар көлінде балық қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты Шалқар көлінде балық қырылып жатыр

Атақты Шалқар көлінде балық қырылып жатыр

Ақтөбе облысындағы Шалқар көлінде балық қырылып жатыр. Су беті өлген аққайран мен сазаннан көрінбейді. Қазір арнайы комиссия осы оқиғаның себеп-салдарын анықтауда.

  • 22 Сәуiр 2015
  • 301
Фото - Caravan.kz

Кейбір тұрғындар көл бетінде қалқыған балықтарды дорбаларына салып,  үйлеріне әкетпек те болған. Дегенмен, қолқаны қабатын күлімсі иістен жағалауға жолай алмапты. Бұл оқиғадан соң құтқарушылар да өлекселерге жақындауға тыйым салды. Қазір мамандар су мен қырылған балық сынамаларын алып тексеріп жатыр. Айта кетелік, экологтар осыдан бес-алты жыл бұрын Шалқар көлін тазарту керектігін айтып дабыл қаққан еді. Себебі оны қамыс басып, көлдің түбіндегі батпағы бірнеше метрге жеткен.