Қызылшаға қарсы вакцинадан тағы кінарат табылмады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылшаға қарсы вакцинадан тағы кінарат табылмады

Қызылшаға қарсы вакцинадан тағы кінарат табылмады

Елімізде үлкен дау тудырған үнді вакцинасынан ақыры кінарат табылмады. Денсаулық сақтау министрлігі қызылшаға қарсы екпеге қатысты кезекті сараптаманың қортындысын жариялап, шетелік препарат барлық талапқа сай деп отыр.

  • 22 Сәуiр 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz

Осымен тағайындалған екі бірдей сараптама вакцинадан шикілік таба алған жоқ. Бірақ екпеден соң балалардың жаппай естен тануына не себеп болғаны белгісіз боп қалды. Шенеуніктер бұл сұраққа нақты мамыр айында жауап беруге уәде етті. Оның үстіне біздің атқамінерлерге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сөзі медеу болып отыр. Себебі бұл халықаралық  ұйым вакцинадан соң бас айналу, жасөспірімдердің өзін әлсіз сезінуі қалыпты жағдай деген еді. Десек те, қызылшаға қарсы Үндістаннан әкелінген дәрі егілген Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік пен Солтүстіктегі оқушылар жаппай құлап, көбісі әлі ем алып жатыр. Кейін дау тудырған дәріні егуге 4 мамырға дейін тыйым салды. Бірақ, шулы вакцинаны салу жалғаса беретін тәрізді.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитар дәрігері:

-Ешқандай екпе алмаса да, түрлі ауруға шалдыққан балалар болды. Оқушылар вакцина алмас бұрын қандай ауруға шалдыққан мұны қазір тексеріп жатырмыз.