Тілсіз жау Ресей елшілігіне жапсарлас салынған спортзалдан шыққан. Яғни дипломаттар жаттығу жасайтын спортзалдың сыртқы жабындысы өртеніпті. От 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Бірақ оқиға орнына ондаған техника 60 өрт сөндіруші дереу жетті. Осындай ауқымды құрамда келулерін «101» қызметі ғимарат құрылысының қиындығы мен обьектінің маңыздылығымен түсіндірген. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Әзірше, өрттің неден шыққан белгісіз.