Министрдің айтуынша, дүйсенбі күні Александра ауданында Зимбабведен келген ерлі-зайыпты көз жұмса, өткен сенбі күні Мозамбик азаматшасы ажал құшқан.
Соңғы екі аптада ОАР-дағы келімсектерге шабуыл нәтижесінде 7 шетелдік қаза тапқан екен. Ал сенбі күні Оңтүстік Африка Республикасының президенті Джейкоб Зума Дурбан келімсектерінің лагерінде болып, зорлық-зомбылықты тоқтатуға уәде берді.