Оралда есірткі сақтаушылар ізші иттерден қашып құтыла алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда есірткі сақтаушылар ізші иттерден қашып құтыла алмады

Оралда есірткі сақтаушылар ізші иттерден қашып құтыла алмады

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі Приурал полиция бөлімінің қызметкерлері БҚО ішкі істер департаменті кинологтарымен бірлесе отырып, Володар ауылында қызметтік иттердің көмегімен 1972 және 1984 жылғы екі ер адамды қолға түсірді. 

  • 22 Сәуiр 2015
  • 422
Фото - Caravan.kz

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған екеу жанар-жағар май стансасының бос қалған ғимаратында есірткі дайындап, сақтаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, 12 грамм экстракциялық апиын табылып, тәркіленді. 

Есірткі дайындаушылар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен (сату мақсатынсыз аса ірі көлемде есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.