Қазақстандық жүк жөнелтушілері РФ ішкі тарифтерінің арқасында ақша үнемдейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық жүк жөнелтушілері РФ ішкі тарифтерінің арқасында ақша үнемдейтін болды

Қазақстандық жүк жөнелтушілері РФ ішкі тарифтерінің арқасында ақша үнемдейтін болды

Биылғы жылы қазақстандық жүк жөнелтушілер Ресейдің ішкі тарифтерінің арқасында 250 млн долларға жуық қаржы үнемдейді.

  • 22 Сәуiр 2015
  • 528
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов хабарлады.
«Еуразиялық экономикалық одақ құрылғалы бері Қазақстаннан теміржолмен Ресей теңіз порттары арқылы транзиттік жүк жөнелту барысында Ресейдің ішкі тарифтері қолданыла бастады. Бұл транзиттік тарифтен едәуір төмен. Биылғы жылы Қазақстаннан жүк жөнелтушілер шамамен 250 млн доллар қаражатын үнемдейді», — деді ол сәрсенбі күні Астанада өткен брифингте.