Үнді штаты Гуджараттан туристер Непал астанасы Катманға келе жатқан. Қажыға барғандар мінген автобус таулы жерде 300 метр биіктіктегі жардан өзенге құлап кеткен.
Nepali Times мәлімдегендей, 12 жолаушы сол жерде көз жұмып, тағы бір адам жедел жәрдем ішінде қайтыс болған. Катманду ауруханасында төртеуін дәрігерлер аман алып қала алмады. Алты адамның жағдайы ауыр.
Апат себебі анықталуда.