Каспий теңізінде атыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспий теңізінде атыс болды

Каспий теңізінде атыс болды

Каспий теңізінде тағы атыс! Атыраулық шекарашылар теңізде заңсыз балық аулап жүрген браконьерлерге оқ атып, әзер тоқтатты.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 319
Фото - Caravan.kz

Теңізде емін-еркін моторлы қос қайықпен жүрген балықшылар өздерін тоқтатпақ болған шекарашылардың бұйрығын құлаққа да ілмеген. Екі қайыққа бөлініп мінген 8 балықшы осылайша қашып кетуге әрекет жасапты. Бірақ, оқ атылған соң амалсыздан тоқтауға мәжбүр болды. Бекірені баудай түсірген браконьерлерде мұздай қаруланып алған екен.

Талғат Төребаев, 2201 «Г» әскери бөлімінің командирі: 

-Бір қайықтан 300 метр ау  табылды.  Ұсталғандардың бәрі өздерін атыраулық балықшылармыз деп отыр. Бірақ, қолдарында куәліктері жоқ.