Қарағанды облысында тасқыннан келген шығынды есептеу қиынға соғуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында тасқыннан келген шығынды есептеу қиынға соғуда

Қарағанды облысында тасқыннан келген шығынды есептеу қиынға соғуда

Қарағанды облысында тасқыннан келген шығын есептеліп жатыр. Арнайы комиссия әзірге 80-ге тарта үйді тұруға жарамсыз деп тапқан.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 266
Фото - Caravan.kz

Тасқын кезінде ауылдардан 13 мың 300 адам құрғақ жерлерге шығарылыпты. Қызыл су кете бастағанда көбі үйлеріне қайтқанымен, мыңнан аса тұрғын әлі де уақытша баспаналарда күнелтуде. Өйткені ауылдардағы 200 үй белшеден келетін суда тұр. Жалпы тасқыннан Қарағанды облысының өзінде 48 ауыл зардап шеккен. 2 мыңнан аса үйге су кіріп 80 үй құлапты. Ірілі-ұсақты 600-ге тарта мал басы қырылған. Қазір Қарқаралы ауданында арам қатқан төрт түліктің орнына мал үлестіріле бастады.