Мао портретін қорлаған ҚХР азаматы түрмеге қамалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мао портретін қорлаған ҚХР азаматы түрмеге қамалды

Мао портретін қорлаған ҚХР азаматы түрмеге қамалды

Қытай соты жергілікті тұрғынды Моа Цзедун портретін әдейі қорлағаны үшін бір жыл, екі айға қамады, деп хабарлады ВВС. .

  • 23 Сәуiр 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz

Сот 42 жастағы Сунь Биннің Бейжің қаласының орталығындағы Тяньаньмэнь алаңында орнатылған Маоның үлкен портретіне бояу төккенін анықтады. Айыпталушы азамат оқиға орнында ұсталды. Ол сотта өз кінәсін мойындаған.

Бұл оқиға өткен жылдың көктемінде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайын өтетін сессиясы кезінде болған. Суннің бұл әрекетіне не себеп болғаны туралы хабарланбайды. Портрет тез тазаланып, қалпына келтірілген.   

Сунь бұрын алаяқтық жасағаны үшін сотталған. Түрмеден портретке бояу төккен оқиғаға дейін босатылған екен.