50 жастағы Буллок журналдың шешімін естігенде, жай ғана жымиып қоя салған, деп жазады Утро.ру. Нағыз сұлудық қарапайымдылықта, — деді ол.«Әлемдегі ең сұлу әйел мен екенін айтып, журнал редакциясынан қоңырау шалғанда өз құлағыма сенбедім. Бұл туралы ешкімге айтпадым да!»
Басылым актриса аналық сезімді баға жетпес сұлулық деп санайтынын жазады.
«Жақсы ана атанып, әр күні бір игі іс істей білсең, нағыз сұлулық сол дер ем», — деді Сандра.
Бірнеше жыл бұрын ол жетім Лусианы асырап алған. Сұхбатында актриса ең жылы сөздерді ұлынан еститінін айтқан. Буллок бір кездері баласын ұйықтатпақшы болған уақытта, ұлы: «Кәрі, әжім-әжім болсаң да сені қатты жақсы көремін» деген екен.
«Мен кәрімін бе?» дегенде, ұлы: «Жоқ кәрі емессің сен бақыттысың», — депті.
Айта кетейік, People басылымы жыл сайын ең сұлу, тартымды нәзік жанды өкілін таңдайды. Өткен жылы «Оскар» сыйлығының иегері «12 жыл құлшылық» фильмінің жұлдызы Лупита Нионго әлем сұлуы атанған болатын.