А. Лукашенко Н. Назарбаевты ҚХА-ның 20 жылдығымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Лукашенко Н. Назарбаевты ҚХА-ның 20 жылдығымен құттықтады

А. Лукашенко Н. Назарбаевты ҚХА-ның 20 жылдығымен құттықтады

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы қарсаңында әлемнің түкпір-түкпірінен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтаулар түсіп жатыр, деп жазады «Казахстанская правда» газеті. 

  • 23 Сәуiр 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz


Сондай құттықтауды Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко жолдаған:

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты құттықтауымды қабыл алыңыз. 
Сіздің бастамаңызбен құрылған бірегей қоғамдық институт Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанда бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан көптеген ұлыстар мен ұлттардың мәдениеті, тілі мен дәстүрінің сақталуы, дамуына септігін тигізді. 

Қазақстанда қалыптасқан этносаралық қатынастардың моделі азаматтардың олардың ұлтына қарамастан шынайы өзара түсіністігі мен құқықтарын құрметтеу үлгісі, аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы болды.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жауапты мемлекеттік қызметте сәттілік, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тілеймін».