Сайлау күні қала халқы қоғамдық көлікпен тегін жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау күні қала халқы қоғамдық көлікпен тегін жүреді

26 сәуір күні Қызылорда қаласының барлық қоғамдық көліктері жүргіншілерді тегін тасымалдамақ. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. 

  • 23 Сәуiр 2015
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Қызылорда автобус паркі» ЖШС қала аумағында 22 бағыт бойынша қоғамдық көліктер халыққа қызмет көрсетеді. Сайлау күні, яғни сәуірдің 26-ы күні таңғы сағат 6-дан күндізгі 14.00-ге дейін барлық бағыт бойынша қатынайтын 200 ден астам жолаушылар көлігі тұрғындардың тегін жүруіне мүмкіндік жасап отыр. Серіктестік осылайша, сайлау күніне өз үлесін қоспақ. 

Айта кету керек, мұндай шара автобус паркінің бастамасымен бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында да қоғамдық көліктерде тегін қызмет көрсетілген болатын. 
Сайлау күні қала халқы қоғамдық көлікпен тегін жүреді — Қызылорда