В. Матвиенко: ЕАЭО - Қазақстан мен Ресей халықтарының бауырластық қарым-қатынастарының сапалы жаңа баспалдағы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В. Матвиенко: ЕАЭО - Қазақстан мен Ресей халықтарының бауырластық қарым-қатынастарының сапалы жаңа баспалдағы

В. Матвиенко: ЕАЭО - Қазақстан мен Ресей халықтарының бауырластық қарым-қатынастарының сапалы жаңа баспалдағы

Қазақстандықтардың жаңа буыны өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, діни, саяси және басқа да көзқарастарына қарамастан, Ассамблея қызметінің іргетасында қаланған төзімділік, ынтымақтастық пен бауырластық идеяларын қабылдай алды.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 561
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай құттықтауында Ресей Федерациясы Федеральды жиналысы Федералдық кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко айтты.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Ресей Федерациясы Федералды жиналысының Федерация Кеңесі атынан Сізді және барлық қазақстандықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын.

Жалпы, патриоттық платформада ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің және Қазақстан халқы бірігуінің әрекет етуші факторы ретінде, Сіз басқарған уақыт аралығында Ассамблея халық егемендігін шоғырландырушы маңызды орган ретінде өзінің рөлін нығайтты. Қазақстандықтардың жаңа буыны өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, діни, саяси және басқа да көзқарастарына қарамастан, Ассамблея қызметінің іргетасында қаланған төзімділік, ынтымақтастық пен бауырластық идеяларын қабылдай алды. Жаһандық қауіп-қатерлер мен талаптарды сипаттайтын халықаралық жағдайдың қиындаған қазіргі шағында бейбітшілік, достық, келісім және өзара түсіністік адамгершіліктің көнермейтін басты құндылықтары болып табылады. Әрі Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы  бауырластық  қарым-қатынастар дәл осы негізде құрылуда, оның болашаққа бет алған сапалы жаңа баспалдағы іспетті интеграциялық бірігу — Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы осының айғағы. Осы жағдайды пайдалана отырып, Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, зор денсаулық, табыс пен Ресей-Қазақстан достығын нығайтуға және Қазақстан халқы үшін атқарып жатқан жан-жақты қызметіңізге сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз», — делінген құттықтауда.