Су тасқыны салдарын анықтап, бағалау үшін қазақстандық спутник қолданылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Су тасқыны салдарын анықтап, бағалау үшін қазақстандық спутник қолданылуда

Су тасқыны салдарын анықтап, бағалау үшін қазақстандық спутник қолданылуда

Республикадағы су тасқыны ахуалын бағалау үшін қазақстандық спутниктермен жерді қашықтықтан зондтау деректері қолданылуда.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 961
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті. 

«Барлық жерде ҚР ІІМ бөлімшелері мен жергілікті құтқарушы органдарының бірлескен тәулік бойғы кезекшілігі жүргізілуде. Сондай-ақ, республикадағы су тасқыны ахуалын бағалау үшін қазақстандық спутниктермен жерді қашықтықтан зондтау деректері қолданылуда. 

Су тасқынына ұшыраған өңірлерде су айдау, тұрғын үй мен жол аумақтарын инертті материалдармен қоршау бойынша жұмыстары жалғасуда», — деді ол.


Соңғы деректер бойынша, 16 188 адамның 14 631-і үйлеріне оралды. 22 788 метр уақытша бөгендер тұрғызылды, 95 847 қапқа құм салынып үйілді, 439 881 текше метр су сорылды.

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарға барлығы 6 518 адам, 1 722 бірлік техника, 154 су сору құрылғысы, 113 жүзу құралы жұмылдырылды.