Toyota әлемдік автокөлік нарығының көшін бастап тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Toyota әлемдік автокөлік нарығының көшін бастап тұр

Toyota әлемдік автокөлік нарығының көшін бастап тұр

Toyota Motor Corp. 2015 жылдың бірінші тоқсанында сату көлемі жағынан Volkswagen AG және General Motors Co. (GM) компанияларын артқа тастап, әлемдік автокөлік нарығындағы көшбасшы орнын сақтап қалды.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 670
Фото - Caravan.kz


Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, қаңтар-наурыз аралығында Тoyota компаниясы сатқан көлік саны 2,5% қысқарып, 2,52 млн дананы құрады.
Салыстырып қарар болсақ, бірінші тоқсанда Volkswagen 2,49 млн көлік, GM — 2,42 млн машина сатқан.
Тойотаның алға шығуына RAV4 және Lexus NX үлгісіндегі көліктер ен жол талғамайтын тұлпарларға деген сұраныс түрткі болып отыр. АҚШ-та жапондық компания шығарған көліктерді сату көлемі 10% артқан. Ал, RAV4 деген сұраныс бірден 26% өсіпті.
Volkswagen Америка нарығында қиындықтарға душар болып отыр. Оның үстіне, бюджеттік джиптердің жоқтығынан Қытайда аталған компания машиналарына деген сұраныс төмендеп барады.