Мәскеуде жатақханадан өрт шығып, 37 адам ауруханаға түсті; оның алтауы ауыр халде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде жатақханадан өрт шығып, 37 адам ауруханаға түсті; оның алтауы ауыр халде жатыр

Мәскеуде жатақханадан өрт шығып, 37 адам ауруханаға түсті; оның алтауы ауыр халде жатыр

Пирогов атындағы Ресей мемлекеттік университетінің жатақханасынан өрт шығып, 43 адам жарақат алды. Оның 37-сі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды жедел жәрдем қызметкерлері.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz


Дереккөзінің айтуынша, оның алтауы ауыр халде жатыр және жасанды тыныстау аппаратына қосылған. Алты адам ауруханаға жатудан бас тартқан.
Зардап шеккендердің дені шетел азаматтары. Олардың арасында Гана, Түркіменстан, Сьерра-Леоне, Малайзия, Руанда сынды тағы басқа мемлекеттер азаматтары бар.
Құқық қорғау қызметкерлерінің пікірінше, 22-сәуірдегі өрт медициналық университет жатақханасында электр сымдарының тұйықталуы салдарынан шыққан болуы мүмкін.