Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады

Бүгін «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр» атты тақырыппен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы барысында ҚР Президенті, Ассамблея Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz

«Біз биылғы жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы деп жарияладық. Бұл Ассамблеяның мерейін асыру арқылы нығая түсетін ел бірлігі жылы. Тарихи жылда біз Қазақстан халқының мызғымас бірлігі мен ұлы Отанға мәңгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсеміз», — деді Н.Назарбаев сессияны ашу барысындағы сөзінде.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы — бұл тұрақтылықтың 20 жылдығы, 20 жылдық бірлескен еңбектің жемісі, даму мен бірігудің, достықтың жетістігі. Мен барша қазақстандықтарға, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне өз алғысымды жеткізгім келеді», — деді Елбасы.


Бұдан бөлек, Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, оның қиын күндері құрылып, бүгінгі биік кезеңге дейінгі жүріп өткен жолдарына назар аударды.