Премьера! «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Премьера! «Кек алушылар: Альтрон дәуірі»

Премьера! «Кек алушылар: Альтрон дәуірі»

Голливуд жұлдыздары қазақша сөйлеуді жалғастыруда! Бұл жолы біздің тілге аударылған фильмнің аты – «Кек алушылар: Альтрон дәуірі». Көрермен оны бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан тамашалай алады. Шытырман оқиғаға толы туындыны «Дисней» және «Сони» студияларының ресми дистрибьюторы – «Меломан» компаниясы ұсынып отыр.     

  • 24 Сәуiр 2015
  • 391
Фото - Caravan.kz

 «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» фильмі әлемдік прокатқа бірден үш тілде шықты. Соның бірі – қазақша.

-Бейбітшілікке жетудің бір ғана жолы бар – оларды жою!

Әрине, кино кейіпкерлері ана тілімізді әліппе оқып меңгерген жоқ. Оларға қазақ актерлеры көмектесті. Өнер жұлдыздары әлемге танымал әртістерді небәрі бір жетіде қазақша сөйлетіпті. 

-Арттарыңды тазалаумен-ақ болдым!

Бұл таныс дауыс – Мақпал Исабекованікі. Ол фильмдегі батыр бойжеткеннің аузына қазақша сөз салады. Бұл кейіпкер жер шарын зұлым роботтардан тазартып, ақыр соңында жасыл құбыжыққа ғашық боп қалады.   Шытырман оқиғалы блокбастер қазақшаға жақсы аударылған. Темір адам, Тор, Сұрмерген және Халктың айтар сөздері мірдің оғындай. Әдемі әзіл де бар.      

-Ертеңгі таңымыз атпауы да мүмкін…  Бәрібір ертеңге жоспарым жоқ! 

Әлемдік кинода қазақ тілінің ойып тұрып орын алғанына Ерғали дән риза. Театр әртісі оны тәржімалауға бірден келісіпті. Ал қазақша нұсқаның Голливудтан өтуі үшін тек дауыс қана емес, бар өнерін салған.   


Ерғали Төлебаев, театр және кино артисі:

-Қызды құтқарады. Көпірден құлап кетеді, сол қызды құтқаратын жері бар. Сол кезде секіреді жүгіріп келіп. Сол кезде деміңмен саласың. А-а-а, шыда, қазір көтерем! Шыда!!! Осылай!

-Әлемді құтқарамыз десек, біз тек өз күшімізге ғана сенуіміз керек! Сондықтан күресіңдер!

Күреске толы фильмді қазақшалауға «Болашақ» қауымдастығы мен «Нұр Отан» партиясы атсалысқан. «Меломан-Марвин» компаниясы ұсынған шым-шытырық оқиға бүгіннен бастап…