Коммунистер атынан ұсынылған кандидат көкшетаулықтарды да өзінің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Айтуынша, Батыс киносы келер ұрпақты тек зорлық- зомбылыққа, жеңіл табысқа үйретуде. Сол үшін жат қылықтардан аулақ болып, адами құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізуге тиіспіз дейді Сыздықов. Кездесу барысында үміткер өз жоспарларымен ғана бөлісіп қоймай, жиналғандардың сауалдарына да жауап берді.