Оны жөндеу үшін 1 млрд теңгеге жуық қаражат керек. Қазір суды сорғызу аяқталып, жол жиектеріне құм төгіліп жатыр. Уақытша бөгеттер де салынуда. Бірақ Қарағанды-Баянауыл тасжолында әлі көлік қозғалысы қалпына келген жоқ. Өйткені жолдың бұл бөлігіне тасқын кезінде айтарлықтай зақым келген. Ащысу өзеніндегі көпір қақ бөлінген десе де болады. Осы өткелді ғана жөндеу үшін шамамен 700 млн-дай теңге қажет екен.
Қалым Әмиев, Сәтбаев ауылдық аймағының әкімі:
-Бұрын-соңды судың деңгейі қатты келмейтін. Биыл өте қатты келді. Соның кесірінен міне көпір істен шығып тұр. Мамандар келіп, көріп қайтты. Шешімдерін өздері берулері тиіс.