Сол қаржы тапшылығы кезінде елімізде 70 мыңға жуық үлескер жапа шегіпті. Бүгінге дейін соның 63 мыңының мәселесі шешілсе, қалғаны әлі де тиесілі пәтеріне қол жеткізе алмай жүр екен. Қайырбек Өскенбаев бұл үлескерлердің әрқайсысының аты-жөнін білеміз деп отыр. Вице-министрдің сөзіне сенсек, олардың барлығы келер жылдың бірінші жартысында зарыға күткен баспаналарына қол жеткізеді екен. Қазір осы мақсатта жұмыс қыз жүріп жатыр дейді Өскенбаев мырза.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
— Барлық мәселе шешімін тауып жатыр. Тек, 2 мыңнан астам үлескерге арналған 16 үй бітпей тұр. Соның ішінде 9-ының құрылысы жақын аралықта аяқталады. Қалғанының да құрылысы жүріп жатыр.