Синтетикалық есірткіден болатын галлюцинациялар ең ауыр - дәрігер - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Синтетикалық есірткіден болатын галлюцинациялар ең ауыр - дәрігер

Синтетикалық есірткіден болатын галлюцинациялар ең ауыр - дәрігер

Алматының наркологиялық орталығынан спайс атты әйгілі есірткі проблемасына арналған арнайы репортаж жасалды,

  • 6 Қазан 2015
  • 694
Фото - Caravan.kz

— деп хабарлайды today.kz.

Спайс – бұл синтетикалық есірткі, Қазақстанға негізінен Қытайдан келетін химия. Оны сатушылар бұл есірткі түрін еркелетіп – хош иісті қоспалар, "легалка" деп атайды. Бұл есірткі оны пайдаланғаннан кейін бірден ағзаның бұзылуы мен тәуелділікке әкеліп соқтырады.

Спайсты қолдану проблемасы туралы анығырақ Алматының наркологиялық орталығында айтып берді.

"2015 жылы спайсты пайдаланудың 96 жайты тіркелді – олар 20 мен 40 жас арасындағы адамдар, оның бесеуі әйелдер.Тіркелгендер қатарында – ГАИ мен патрульдік полицияға "ұсталған" наркомандар мен аурулар, өздері көмек сұрап келгендер және жедел жәрдем жеткізген адамдар бар. Егер былтырғы жылмен салыстырсақ, ол жылы айтарлықтай аз – жайт тіркелген. Спайс соңғы үш жылды әйгілі бола бастады. Спайспен ауыр уланған жеті адам келіп түсті", — дейді қалалық наркологиялық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Гүлмира Абдыбаева.

12 жылдан бері нарколог-дәрігер болып жұмыс істеп келе жатқан Гүлмира Абдыбаева көптеген келеңсіз жайттардың куәсі болған. Мысалы, 15 жыл есірткі пайдаланған адам героин қолданып жүріп, жаңа сезім үшін спайс қолданған.

"Мұндай да болады, "геройнщиктер" спайсқа отырады, өзге сезім дейді. Егер бізде зертханалық тұрғыда ағзада синтетикалық есірткі барын нақтылай алмаған жағдайда, біз бұл жағдайды "белгісіз затқа масайраған" деп тіркеп, толық клиникалық суреттеме береміз. Спайстың жүздеген түрі бар, ал біздің зертханада спайстың екі негізгі формауласын анықтайды. Алайда, келген емделушілерді тағдыр тәлкегіне тастамайсыз", — дейді нарколог-дәрігер Гүлмира Абдыбаева.


Есірткі пайдаланушыны психозды жағдайы, интоксикация, бағыт жоғалтуы білдіреді, яғни, адам қай жыл және қазіргі президент кім деген сияқты қарапайым сұрақтарға жауап бере алмайды.

"Биыл 1830 жыл, ал президент оның туысы деген жағдайлар болған. Сондай-ақ, оларда көру мен есту галлюцинациялары болады. Ең қауіптісі – императивті галлюцинациялар, ол кезде адамға дауыс бір нәрсе істеуге бұйырады. Мысалы, біреуді өлтіруге немесе ұятты қылық жасауға", — дейді Гүлмира Абдыбаева.

"Адамды екі аптада емдеп, қалпына келтіруге болады. Ары қарай, әр адамның өз ісі – есірткі қолдана беру немесе салауатты өмір сүру. Маған, мысалы, емделіп шыққандар мерекелерде SMS жолдап, алғыс білдіреді. 100 емделушіден 10-15 адам ғана қайтып келетіні қайтып клетіні қуантады, қалғандары дұрыс шешім қабылдайды", — дейді нарколог-дәрігер.