Казактарға қатысты әйгілі Орал оқиғасына 25 жыл болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Казактарға қатысты әйгілі Орал оқиғасына 25 жыл болды

Казактарға қатысты әйгілі Орал оқиғасына 25 жыл болды

Батыс Қазақстан ресейшіл «автономиялық республикаға» айналуы мүмкін деген қауіп төнген тұстағы Орал казактары мен қазақ белс

  • 15 Қыркүйек 2016
  • 1031
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан ресейшіл «автономиялық республикаға» айналуы мүмкін деген қауіп төнген тұстағы Орал казактары мен қазақ белсенділерінің талай күнге созылған қақтығысы 1991 жылғы қыркүйектің 15-інде аяқталды. Арада 25 жыл өтсе де бұл оқиғаларға қатысты ашылмаған жайттар көп, деп хабарлайды Азаттық радиосы. 

Павлодарда тұратын оқырманымыз Динара Қалиева жуырда Азаттыққа жолдаған хатында 1991 жылғы Орал оқиғасының 25 жылдығы таяп қалды, бірақ оның белсенді мүшелерінің бірі болған әкесі Мақсұт Қалиевтің есімі «орынсыз ұмыт қалды» деп жазған болатын. Ол кезде жергілікті казактар мен Ресейдің кейбір көрші облыстарындағы казак ұйымдарының өкілдері «казактардың орыс патшасына қызмет етуінің 400 жылдығын тойлау» үшін Оралға жиналып, бұған жергілікті қазақ ұлтшылдары қарсы шыққан. Қазақстанның түрлі аймақтарынан жүздеген қазақ белсенділері Оралға барған. Динара Қалиева дүрліккен Оралдан Ресей телевизиясы таратқан хабардан әкесін көріп қалып, әлгі оқиғалар жайлы 12 жасында естігенін айтады.

Отбасындағы әңгімелерді тыңдап, әкесінің азаматтық белсенділігін көріп өскен Динараның өзі де жылдар өте оппозициялық ұйымдардың кеңселеріне бара бастаған. Орал оқиғаларының тарихымен танысқысы келген бойжеткен әлгі оқиғалар туралы жарияланған деректердің мүлде аз екенін байқаған.

АЛАҢДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС

Орал оқиғалары Совет Одағы күйрей бастаған әрі сепаратистік үндеулер тарап жатқан тұста болды. 1989 жылы ресейшіл Приднестровье Молдовадан бөлініп кетті, 2014 жылы бұл сценарий Қырымда қайталанды. Бірақ Қырым оқ атылмай аннексияланды, ал Приднестровьедегі қанды қырғында жүздеген адам мерт болды. Бұл орыстың оңшыл жазушысы Александр Солженицынның қазақтарда мемлекеттілік болмаған деген сарындажазылған әрі совет республикаларының шекарасын қайта бөлуге шақырған мақаласын Қазақстанда өре түрегеле, қарсылықпен қабылдаған тұс болатын.

Орал казактарының «орыс патшасына қызмет етуінің 400 жылдығын» тойлайтын күні қазақ шерушілеріне тосқауыл болып тұрған милицияның арнайы жасағы. Орал, 15 қыркүйек 1991 жыл.Орал казактарының «орыс патшасына қызмет етуінің 400 жылдығын» тойлайтын күні қазақ шерушілеріне тосқауыл болып тұрған милицияның арнайы жасағы. Орал, 15 қыркүйек 1991 жыл.Орал казактарының «орыс патшасына қызмет етуінің 400 жылдығын» тойлайтын күні қазақ шерушілеріне тосқауыл болып тұрған милицияның арнайы жасағы. Орал, 15 қыркүйек 1991 жыл.
Бұл көңіл-күй 1991 жылғы қыркүйектің 13-15-і күндері Орал оқиғаларына ұласып, қазақ ұлтшыл ұйымдарының белсенділері басқарған мыңдаған шеруші казактардың шіркеудегі салтанатты мінажаты мен Орал қаласы орталығындағы маршына бөгет бола алмағанымен, олардың «Зенит» зауыты клубындағы жиналысын өткізбей тастады. Қалаға шеруге шыққан қазақтар мен салтанатты шараларын өткізіп жатқан казактардың арасын бөліп тұру үшін милиция бөлімшелері жеткізілді. Оралдағы жағдай қыркүйек оқиғасынан көп бұрын ширығып, жергілікті және республикалық баспасөз хабарлап жатты.

Динара Қалиеваның хатында қақтығыс қызған тұста оның әкесі, Павлодардағы «Азат» қозғалысының белсендісі 10 мыңдық шеруге жиналған қазақтарды казак атамандары «казак республикасы құрылғанын жариялауға әні-міне кірісейін деп жатқан» зауыт клубына ертіп апарған. Бірақ қазақ ұлтшылдарының өзге басшылары мен билік өкілдері 20 минуттық ультиматумға келісіп, шерушілердің үлкен тобын тоқтатты. Ал казактарды алдын ала дайындалған автобустармен асығыс-үсігіс эвакуациялаған. Қақтығыс осымен аяқталып, «казак автономиялық республикасын жариялау идеясы» іске аспай қалды. Ресейден келген казактарды Оралдан алыстау темір жол станциясына апарып, поезға отырғызған. Ал қазақ шерушілері жеңісін тойлау үшін қала орталығындағы алаңда қалған.

Павлодарлық белсенді Мақсұт Қалиев Оралдағы қақтығысты басуда қаншалықты маңызды рөл атқарғанын болашақта зерттеушілер анықтай жатар. Азаттықпен телефон арқылы сөйлескен Мақсұт Қалиев сол кездегі «Азат» қозғалысының төрт белсендісі (ішінде өзі де бар) Ресейдің Орынбор қаласы арқылы екі тәулік поезбен жүріп Оралға келгенін, ал жергілікті белсенділер оларды «Аққу» қонақүйіне орналастырғанын айтады.

Казактардың жиынын тарату талабымен жиналғандардың қалың нөсердің астында өткен үш күндік шеруіне Қазақстан қалаларынан жүздеген қазақ белсенділері жиналған.