Қызылорда-Павлодар автожолында қытайлық жүк көлік пен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.
«9 қарашада Төртқұдық ауылының маңында түстен кейін жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысты. ЖКО нәтижесінде 3 адам оқиға орнында қаза тапты, екеуі Павлодар ауруханасына жеткізілді», – деді бейсенбіде ТЖД.
Денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, жеңіл көлік жолаушысы №1 қалалық аурухана бөлішесінде жан сақтау бөлімінде көз жұмған. Оның кім екені қазір анықталуда.
«Ол ауыр жарақаттар алған. Ота жасалды, алайда, дәрігерлердің тырысқандарына қарамастан, ол көз жұмды», – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-хатшысы Махаббат Мухамадиева.
Павлодар облысы ішкі істер департаментінің ақпары бойынша, қаза тапқандардың барлығы — LADA Priora көлігінің жолаушылары. SHACMAN көлігімен соқтығысқан жеңіл автокөлік жүргізушісі ауруханада жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, ол жан сақтау бөлімінен травматология бөлімшесінің палатасына ауыстырылған.