Сооронбай Жээнбеков тағы да Қырғызстан премьері болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сооронбай Жээнбеков тағы да Қырғызстан премьері болып тағайындалды

Сооронбай Жээнбеков тағы да Қырғызстан премьері болып тағайындалды

[wpcode id="1694287"] Сооронбай Жээнбеков тағы да Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚырТАГ. «Қырғы

  • 11 Қараша 2016
  • 475
Фото - Caravan.kz


Сооронбай Жээнбеков тағы да Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚырТАГ.

«Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (…) Жээнбеков  Сооронбай Шариповичті бұрын жүктелген міндеттерінен босатып, Қырғызстан Республикасы премьер-министрі қылып тағайындау туралы жарлыққа қол қойды», — делінген жұмада ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарында.  
Сондай-ақ, мемлекет басшысы үкімет мүшелерін тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды.  
Сәрсенбі күні  жогорку кенеш үкіметтің құрамын, құрылымын және «Бірлік және сенім» бағдарламасын бекітті.
ҚР үкіметінің жаңа құрамы бұрынғысынан ерекшеленбейді. Сонымен, өз орындарында барлық вице-премерлер және министрлер қалды, тек вице-премер Гүлмира Құдайбердиева білім және ғылым министрі болды.  Оның орнына «Киргизстан» партиясының депутаты Чолпон Султанбекова келді, ал ҚР ІІМ басшысы  Кашкар  Джунушалиевті ұлттық қауіпсіздік мемкомитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бұрынғы басшысы   Улан Исраилов алмастырды.
Еске салсақ, ҚР үкіметінің бұрынғы құрамы парламенттік көпшілік коалициясының құлауы салдарынан қазан айының аяғында отставкаға жіберілген болатын.  Қырғызстан заңы бойынша басқарып отырған коалиция министрлер кабинетінің құрамы мен құрылымын қалыптастыруы керек.   Ол құлаған жағдайда үкімет автоматты түрде отставкаға кетеді.