Бүгін күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 кей жерлерде 28, ара-тұра 30 метрге дейін жетеді. Ал Шығыс Қазақстан өңірінде қар жауып, бұрқасын соғады. Күн тұманды әрі көктайғақ болады. Желдің екпіні бұл аймақта да секундына 30 метрге дейін жетуі ықтимал.