«Жаңа Жібек жолы-2017» халықаралық экспедициясы Қазақстан арқылы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жаңа Жібек жолы-2017» халықаралық экспедициясы Қазақстан арқылы өтеді

«Жаңа Жібек жолы-2017» халықаралық экспедициясы Қазақстан арқылы өтеді

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды.

  • 21 Қараша 2016
  • 392
Фото - Caravan.kz


Жоба авторы, поляк зерттеушісі – Яцек Палкевич. Экспедиция келер жылы мамыр немесе маусым айында Қытайдан басталады. Керуен Қырғызстан, Өзбекстан арқылы қазақ жеріне ат басын бұрып, Ресей, Беларусь елін айналып Польшаға барады. Осылайша, қатысушылар 2 ай ішінде 10 мыңнан аса шақырымды жүріп өтуді жоспарлап отыр. Яцек Палкевич, зерттеуші (Польша): — Қазақ жеріне алғаш рет келіп тұрмын. Экпедицияға кез-келген азамат қатыса алады. Ғалымдар, БАҚ өкілдері қызығушылық танытады деген сенімдемін. Өйткені экспедиция халық арасындағы достықты нығайтып, сауда, мәдениет саласындағы әріптестікті жаңа белеске көтеруге сеп болмақ.