Оның сөздерінше, мемлекет басшысы және оның айналасындағы адамдар билікті өздерінің уыстарында заңсыз ұстап отыр және «Альфа Телеком» ісі арқылы оппозиция лидерлерінің беделін түсірмекші.
Текебаев президентке сенімсіздік білдіруге қатысты қажетті материалдар жинау үшін кемінде 2-3 ай кететінін айтады.
«Ата Мекен» лидері азаматтық белсенділерден, үкіметтік емес ұйымдардан және парламент депутаттарынан президентке импичмент жариялауға көмек көрсетуін сұрады.
«Президент отставкаға кетуі тиіс. Бұл айқын. Оның айналасындағы адамдар билікті уыстарында ұстап тұра алмайды. Бұл айқын», — дейді саясаткер.