Қала билігі табиғаттың мұндай тосын сыйына дайын болмай шықты, деп хабарлайды Baq.kz.
Осы аптада Токиоға ығысқан суық ауа ағымдары Күншығыс елінің астанасына қар әкелді. Әдетте қараша айының соңында сынап бағанасы 10-17 градусты көрсетеді, ал осы жолы температура нөл градусқа дейін түскен.
Жапонияның метеоқызметтері тұрғындарға көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертті.
Токиода әдетте қар қаңтар мен ақпан айларында түседі. Күнның жылы болатынына байланысты жауған қар көп ұзамай еріп кетеді.




Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.