Қалған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады, деп хабарлайды Baq.kz.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысында бұрқасын, кей жерлерде күшті, жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.
Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Маңғыстау, Атырау облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-22 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.