Қарағандылық азамат әкесін қорлағаны үшін жазаға тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық азамат әкесін қорлағаны үшін жазаға тартылды

Қарағандылық азамат әкесін қорлағаны үшін жазаға тартылды

Әкесіне қол көтеріп, қорлаған Қарағанды облысы Осакаров ауданының тұрғыны жазаға тартылды. Енді ол әкесіне 6 айға дейін жақындай алмайды.

  • 30 Қараша 2016
  • 533
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Baq.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға осы жылдың қараша айында болған. Оскаров ауданының тұрғыны С. есімді азамат әкесіне қарсы былапыт сөйлеп, қорлап тиiсіп, жанжал шығарған. Тіпті, әкесін буындырғысы келген. Осы әрекеттерімен ол заңмен белгіленген қоғамдық тәртіпті бұзды дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

«Осакаров аудандық сотының қаулысымен С. есімді азамат Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамау жазасына тартылды. С.-қа мiнез-кұлқына ерекше талаптар белгiленді. Сонымен, 1 жыл ішінде жәбірленушіні былапыт сөйлеп қорламауға, атыс қаруын және қарудың басқа да түрлерiн сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға тыйым салынады. 6 ай ішінде жәбірленушінің келісімінсіз оған тақалуға және үйіне баруға тыйым салынады», — деп хабарлайды Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі.