Елбасы Бразилия Президенті М.Темерге көңіл айту жеделхатын жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Бразилия Президенті М.Темерге көңіл айту жеделхатын жолдады

Елбасы Бразилия Президенті М.Темерге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Мишел Темерге көңіл айту жеделхатын жолдады.

  • 30 Қараша 2016
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Колумбия Республикасының әуе кеңістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарының қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», — делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.