Сәл бұрынырақ оңтүстік астанада бірқатар көше атауының өзгергені туралы хабарлағанбыз. Енді "Алматы ақшамы" газетінде жарияланған сол атаулардың тізімін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша:
«Көкқайнар» ықшамауданындағы Абай көшесі – Әзірбайжан Мәмбетов көшесі;
«Әйгерім-1,2» ықшамауданындағы Ленин көшесі – Василий Бенберин көшесі;
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша:
Левон Мирзоян көшесі – Шапық Шөкин көшесі;
Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша:
8-линия көшесі – Ербол Сыпатаев көшесі;
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша:
«Көктөбе» шағынауданындағы Жамбыл Жабаев көшесі – Роза Бағланова көшесі;
Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша:
«Қалқаман-2» шағынауданындағы Мұхтар Әуезов көшесі – Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталатын болды.