Аягөзде бұзақылар шынымен автоматпен атысқан ба? (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аягөзде бұзақылар шынымен автоматпен атысқан ба? (видео)

Аягөзде бұзақылар шынымен автоматпен атысқан ба? (видео)

Әлеуметтік желіде ШҚО-на қарасты Аягөз қаласында қарулы қақтығыс болғаны жөнінде ақпарат тарады. Тіпті оның қалай болғанын айғақтайтын бейнекөрініс те жүктелген. Видеода із суытпақ болған Ваз автокөлігі жол апатына ұшырайды. Көлік ішінен шыққан біреу қаша жөнеледі. Ал артқы есіктен шықан екіншісі автоматпен оқ жаудырады.

  • 5 Желтоқсан 2016
  • 1580
Фото - Caravan.kz

Дегенмен ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев аталған бейнекөріністің Аягөз қаласындағы оқиғаға еш қатысы жоқ екенін атап өтті. Видео 2015 жылы Ресейдің интернет кеңістігіне тараған, деп хабарлады ведомство өкілдері Caravan.kz тілшісіне.

Сондай-ақ, Аягөз ауданының прокуроры Серік Тұрдин мырза жалған видео тарату бойынша қазірдің өзінде қылмыстық іс қозғалатынын айтты. Қазір кінәлілер іздестіріліп жатыр. Әйтседе аудан прокуроры Аягөз қаласында қарумен болған атыс дерегінің тіркелгенін растады. Бірнеше күн бұрын қаланың «Ұлытау» мейрамханасы маңында екі адам қос ауыз мылтықпен бірін бірі атқан. Бірақ ешқандайда да автомат қолданылмаған. Қазір ауыр жарақат алған екеуі де ауруханада жатыр. Бұл іс бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы ШҚО ІІД жалған мәлімет, бейнекөрініс таратқан тұлғалардың ҚР ҚК 274 бабы бойынша 5 жылға дейін сотталуы немесе 5 мың АЕК көлемінде айыппұл төлейтінін ескертті.