Индонезияда зілзала құрбандарының саны 102 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Индонезияда зілзала құрбандарының саны 102 адамға жетті

Индонезияда зілзала құрбандарының саны 102 адамға жетті

Индонезияның Суматра аралдарындағы Ачех провинциясында болған 6,5 балдық зілзаладан қаза тапқандар саны 102 адамға жетті. 7,5 мыңға жуық тұрғын үй-күйсіз қалған.

  • 8 Желтоқсан 2016
  • 652
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы жергілікті құтқарушылар мен полиция өкілдері мәлімдеді. Баспанасыз қалған халық уақытша тұрақтау орталықтарына орналастырылған. Олар – негізінен Пиди, Пидиджай мен Бирен аудандарының тұрғындары. Қазір бұл аймақта төтенше жағдай енгізілген. Ел президенті зардап шеккендерге шұғыл көмек беруді бұйырды. Естеріңізге сала кетейік, 6,5 балдық зілзадан кейін жүзден астам жерасты дүмпулері тіркелген.