Астанада төртем дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада төртем дүниеге келді

Астанада төртем дүниеге келді

Астанада 34 жастағы әйел төртемді өмірге әкелді, деп хабарлады Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

  • 8 Желтоқсан 2016
  • 1408
Фото - Caravan.kz

«2016 жылғы 2 желтоқсанда қуанышты оқиға болды. Астана қаласы №1 перинаталдық орталығында төртем дүниеге келді. Анасы мен нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында», – делінген хабарламада.

Сәбилер кесарева тілігі арқылы өмірге келді. Төртемнің екеуі ұл бала, екеуі қыз бала. Ұл балалардың салмағы 1490 және 1070, қыздардың салмағы – 1140 және 1070 грамм.