Ауа-райының күрт нашарлауы себепті Қарағанды облысында тас жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа-райының күрт нашарлауы себепті  Қарағанды облысында тас жолдар жабылды

Ауа-райының күрт нашарлауы себепті Қарағанды облысында тас жолдар жабылды

Бүгін сағат 09:45-те ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдардың көрінбеуі) Ақмола облысында жүк және қоғамдық көліктер үшін Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1280-1353 шақырымы жабылды.

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 769
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ ауа райының қолайсыздықтарыны байланысты Астанадан Щучинск қаласына дейінгі «Астана-Петропавл» автожолының 18-231 шақырымы барлық көлік түрлері үшін кешеден бері жабық тұр. Қарағанды облысында сағат 10:00-де ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдардың көрінбеуі) барлық көлік түрлеріне шектеу «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Қарағанды қаласынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі 1492-1610 шақырымы жүк және қоғамдық автокөліктер үшін жабылды. Ақмола облысынан Теміртауға дейінгі «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1353-1444 шақырымы және Ақсу-Аюлыдан Балқаш қаласына дейінгі 1610-1854 шақырымы жабық.