Қытайда Димаштан озған қытай қызы айтқан ән - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайда Димаштан озған қытай қызы айтқан ән

Қытайда Димаштан озған қытай қызы айтқан ән

Қытайда өтіп жатқан «Мен әншімін» (I Am a Singer) конкурсының үшінші кезеңі тартысты өтті. Бұл турда қазақ әншісі, жас талант Димаш Құдайберген үшінші орыннан көрінді.

  • 6 Ақпан 2017
  • 2970
Фото - Caravan.kz

Ал, бірінші орынды қытайлық әнші, Тан Жиң (谭晶, Tan Jing) жеңіп алды, деп хабарлайды qazaqtimes.kz.

Тан Жиң – Қытайдың Мемлекеттік бірінші дәрежелі әншісі. Ол 1977 жылы 11 қыркүйек күні Шанши (山西) провинциясының Хоума (侯马) қаласында дүниеге келген. Негізі, Шанши Қытайдың солтүстік өңірі саналады. Ол кезіндегі Түрклер мекенденген аймақ. Тан Жиңның Ұлты – ханзу. Алайда, осы өңірдегі тұрғындардың көбі кешегі дала көшпенділерімен тығыз араласқан. Қазір «қытай» аталған халықтың біразы тарихтағы көшпенді түрктердің жұрнағы деп айтылып жүр. Сондықтан да, әнін жақсы қабылдадық. Әншінің өзі де Димашты және оның жақыннан қолдаушысы болып жүрген қытайдағы қандасымыз, әнші Арай Айдарханұлы екеуін үйіне шақырып, қонақ қылыпты. (Төмендегі суретте)

Қытай әншісі Тан Жиң Димаш пен Арайды үйіне қонаққа шақырды.

Ал, Тан Жиң орындаған әнінің аты «Сезім селі». (欲水, Yu Shui) (негізгі мағынасы осындай) Әннің толық мазмұнын желдірте аударғанда былай болып келеді: «Самал есті, жаңбыр төкті, түсінеді олар жүректі. Жаңбыр, жел барлығын біледі, Ал, сенің дауысың тым әлсіз, естілмейді. Мұңымды табиғат түсінгедей, Адамдар кекесінмен күле қарайды, Жүректегі мұздар еріп, көз жасы болып төгілді. Тәңірім бізге жарты бақыт сыйлады. Есіңде әлі бармын ба?!.» Бұның да негізгі мағынасы осылай.


Әннің қытайша мәтіні

Дауысы мен ән мазмұны, түр-келбеті сәйкескен әрі сахналық образы сәтті шыққан әншінің тыңдарманды өзіне баурап, бірінші орынды алғаны содан болса керек.

Ескерте кетерлігі, байқау барған сайын күрделеніп келеді. Біз, Димаш бауырымызға Тәңір жар болып, тек жеңісті орыннан көрінуге тілектеспіз.