Қазақстанға барсаңыз, "мәмбет" деп айта көрмеңіз - Ресей Сыртқы істер министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға барсаңыз, "мәмбет" деп айта көрмеңіз - Ресей Сыртқы істер министрлігі

Қазақстанға барсаңыз, "мәмбет" деп айта көрмеңіз - Ресей Сыртқы істер министрлігі

Ресей СІМ консулдық департаменті шет елдерге сапарға шығатын отандастарының жат жұртта жүріп-тұру ережесін жариялады. Ондағылар мұны әлдебір оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жасап отыр екен. Ережеде, әсіресе, әр елдегі бейәдеп, намысқа тиетін сөздерге ерекше көңіл бөлінген.

  • 27 Наурыз 2017
  • 1129
Фото - Caravan.kz

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына жарияланған ескертуде тілдері ұқсас Орталық Азия елдеріне қатысты айтылғандары біздің назарымызды аудартпай қоймады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Мысалы, Өзбекстанда мына сөздерді айтсаңыз, басыңыз бәлеге қалады: "джаляб", "кут", "куток", "ом", "сикмок", "харып".

Аталған департамент біздің елдегі жаман сөздерді де тізіп шыққан. Әрі олардың орысша қандай мағына беретінін түсіндіріпті.   

Ресей дипломаттары былай дейді:

"Ресей азаматтары қазақтармен сөйлескен кезде мынадай намысқа тиетін сөздерді айта бермегені жөн.


"Мәмбет" — ауылдық жерлерден келгендерді төмендететін атау. Мәдениетсіз, сауаты төмен дегенді білдіреді. Сондай-ақ, "мәмбет" деп орысша нашар сөйлейтіндерді айтады.

"Калбит" —  Орталық Азиядағы ұлттардың намысына қатты тиетін cөз.

"Топас", "ақымақ" — (придурок, дурак, тупой.)

"Мырық", "Мырқымбай" — жолы болмай жүрген бейшара, орыстың "Иван-дурагының" синонимі".