Шетелдіктермен некелескен қазақстандықтарға жер берілмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдіктермен некелескен қазақстандықтарға жер берілмейді

Шетелдіктермен некелескен қазақстандықтарға жер берілмейді

Мәжілісте заң жобасын таныстырған министрлік өкілінің айтуынша, шекаралық белдеу және шекара аумағында орналасқан жер телімдерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдіктердің үлесі бар компанияларға жалға беруге тыйым салынады.

  • 13 Сәуiр 2017
  • 371
Фото - Caravan.kz

Яғни 1 пайыз болса да шетелдіктердің үлесі бар отандық компания мұндай мүмкіндіктен қағылады. Ал шекаралық белдеуде орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері жеке меншікке де, жалға да берілмейді. Алайда жергілікті халық сол жерлерге мұқтаж болса, онда жайылым, шабындық ретінде ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Мұхтар Тайжан, Б.Тайжан атындағы қордың президенті:

— Мына заң жер комиссияның 11 шешімі бойынша дайындалған. Біріншіден, жер 5 жылдың ішінде ешкімге сатылмайды. Жеке меншік болмайды. Екіншіден тек қана Қазақстан азаматтарына 49 жылға дейін жалға беріледі. Бергенде Үкімет бақылайтын болады. Үшіншіден, әр ауылдың аумағында нақты радиустың ішінде жайылым жер ешкімге жалға берілмейді. Яғни амандық болса, малдың жайылымдық жері болады.

Гүлжаһан Бимендина, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары:

— Қазіргі таңда жайлымдық жерлердің барлығы, көбісі 90 пайызы жалда. Сондықтан оны алатын механизмі де жеңіл. Біз анализ жасап көргенбіз. Қай елді мекенге қанша жер жетпейді жайылым. Оның жайлауға шығатын жерлері есептелініп жатыр. Шамамен елді мекендерге 27 миллион жайылымдық жер керек деп есептеп отырмыз. Бұдан былай бір адамға мыңдаған гектар жер берілмеуі қатаң қадағаланады. Осыған сәйкес, әр облыс, қала берді аудан көлемінде әрбір азаматқа жалға берілетін жер көлемінің шектеулі нормасы бекітіледі. Сонымен қатар, заң жобасы ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде ғана жалға беруді көздеп отыр.

Берік Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:


— Жер бөлумен жергілікті атқарушы органдар айналысады. Олар осы жерді алған жағдайда жалға берердің алдында тиісті жұмыстарды атқарып, конкурстық деңгейде өткізетін болады. Жерді бақылау мәселесі қолға алынып отыр. Яғни, 5 жылдық мониторинг жүргізілетін болады. Әр жыл сайын тексерілетін болады. Әрі қарай 3,5 жылда ол жерді тиісті қызмет қарайтын болғаннан кейін жердің құнарлылығы төмендеген жағдайда тиісті шаралар қолданылады.