Желіде әйгілі балуан Қажымұқанның жапон балуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде әйгілі балуан Қажымұқанның жапон балуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы пайда болды

Желіде әйгілі балуан Қажымұқанның жапон балуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы пайда болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. Тарихта қалған әйгілі жекпе-жек 1911 жылы Харбин қаласында өткен болатын. Кейбір мәлім

  • 3 Қазан 2017
  • 20233
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Тарихта қалған әйгілі жекпе-жек 1911 жылы Харбин қаласында өткен болатын. Кейбір мәліметтер бойынша ол 1905 жылы болған көрінеді. Белгілі басты оқиға — Қажымұқан мен жапон палуаны Саракики Джиндофу арасындағы джиу-джитсу бойынша өткен жекпе-жек. Харбинде өткен (кейбір деректер бойынша Жапонияда болған дейді) француз күресі бойынша ресми чемпионат аяқталған кезде, Саракики кілемге шығып джиу-джитсу жапон күресімен кез-келген палуанды жеңе аламын деп жариялайды. Бұл үндеуді тек Қажымұқан ғана қабылдайды. Жекпе-жек кезінде Саракики Қажымұқанның құлағы мен астыңғы ернін жыртып жұлып алады. Дегенмен Қажымұқан Саракикиді ұстап алып, кілемге жығады. Осы жекпе-жектен кейін Саракики қайтыс болған.

Мынау Қажымұқан мен Саракикидің айқасы. Оны әлеуметтік желіге Санжар Керімбай жүктеді. Жарыс Харбинде өтіп жатыр. Ұзақтығы 20-ақ секунд. Видеода Саракикидің Қажымұқан бабамызға қандай соққылар жасағын көруге болады. Тарихта палуан бабамыздың жекпе-жектен жарақат алғаны белгілі. 


Мынау Қажымұқан мен Саракикидің айқасы. 1911 жыл. Жарыс Харбинде өтіп жатыр. Ұзақтығы 22-ақ секунд. Атамыз жекпе-жекке шығар алдында "Иә, Баба Түкті Шашты әзиз атам, өзің қолдай көр" деп шыққан болса керек. Жапонның желкесін қиып жіберді.

Posted by Sanjar Kerimbay on Monday, October 2, 2017

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.