Елбасы «болашақ президенттің» кім екенін атады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы «болашақ президенттің» кім екенін атады

Елбасы «болашақ президенттің» кім екенін атады

Қазақстанның «болашақ президенті» желіде жұлдызға айналды.

  • 16 Қараша 2017
  • 270
Фото - Caravan.kz

Балалар үйінің 7 жастағы тәрбиеленушісі Коля Денисов Назарбаевпен сөйлесті.

Елбасы Қостанай облысына барған сапарында Рудныйдағы балалар үйінде болып қайтты. Балалар үйінің 7 жасар тәрбиеленушісі Коля елбасыдан  президент болу үшін не істеу керек екенін сұрады.

«Мен күреспен, тенниспен айналысам. Сурет салам. Арманым – президент болу. Президент болуым үшін не істеу керек?», – деп сұрады балақай.

«Мен кім президент болады деп ойланып жүрсем, сен екенсің ғой», – деп әзілдеді елбасы.


Коля Денисов қазірдің өзінде балалар үйіндегі «Шанс» мемлекетінің әкімі. Ол тенниспен айналысады. Болашақта әкім ғана емес, президент болғысы келеді.