Жол ережесін бұзған ақтаулық полицей жауапқа тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол ережесін бұзған ақтаулық полицей жауапқа тартылды

Жол ережесін бұзған ақтаулық полицей жауапқа тартылды

Ақтаулық полиция қызметкері жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Айппұл көлемі үш АЕК-ті, яғни 6807 теңгені құрады, деп хабарлайды Лада.кз Маңғыстау облысының ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

  • 19 Қараша 2017
  • 308
Фото - Caravan.kz


17 қараша күні Маңғыстау облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік қызметкері бағдаршам тұсындағы тоқтау қажеттігін білдіретін жолақтан асып барып тоқтағаны туралы видео тарай бастады.  

«Аталған дерек бойынша полиция қызметкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 601-бабы 1-бөлігі (Жол белгiлерiмен немесе жол үстіндегі жолақтармен көрсетілген талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды», — деп мәлім етті ІІД-інің баспасөз қызметі.