Астанада өтетін жәрмеңкеде жаңа пәтерлер 50% жеңілдікпен сатылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өтетін жәрмеңкеде жаңа пәтерлер 50% жеңілдікпен сатылуы мүмкін

Астанада өтетін жәрмеңкеде жаңа пәтерлер 50% жеңілдікпен сатылуы мүмкін

9-10 желтоқсан күні өтетін жәрмеңкеде Астана қаласындағы жаңадан салынған пәтерлерді жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі туады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап.

  • 29 Қараша 2017
  • 193
Фото - Caravan.kz

Астана қаласында 9-10 желтоқсан күндері жылжымайтын мүлік арзан бағада сатылатын «Қара жұма» шарасы өтеді.

«Астанадағы үй салушы компаниялар пәтерлер, коттедж, коммерциялық алаң, паркинг және қоймаларды 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатпақ. Жәрмеңке кезінде қонақтар үйді ипотекаға да ала алады», — дейді Elorda.info сайтына сұхбат берген ұйымдастырушылардың бірі Мая Жаңаділова.


Мұндай науқанның құрылыс компанияларға да пайдасы мол. Әдетте Жаңа жыл алдында халық пәтер сатып алуды бәсеңдетеді. Аталған шара Comfort Hotel Astana ғимаратында өтеді. Оған «Solar city», «Айбын Құрылыс», «Шар-Құрылыс» сынды компаниялар атсалысады.