Қымызды ең бірінші зерттеген қазақ туралы деректер табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қымызды ең бірінші зерттеген қазақ туралы деректер табылды

Қымызды ең бірінші зерттеген қазақ туралы деректер табылды

Әміре Айтбақин – қымызды алғаш зерттеген қазақ.

  • 29 Қараша 2017
  • 387
Фото - Caravan.kz

Ол 1896 жылы Томск император университетінде ұлттық сусынның емдік қасиеті туралы ғылыми еңбегін қорғаған. Мұны растайтын құжаттар жақында көршілес елдің мұрағатынан табылды, деп жазады Хабар телеарнасы. 

Әміре Айтбақин сол кезде лауазымды қызмет атқарғанына қарамастан, 30 жасында дәрігер мамандығын игеруге бет бұрады. Осылайша Томск университетінің студенті атанып, оны үздік бітірген. Бұдан соң елге оралып, Қарқаралы уезінде ұзақ жылдар бойы дәрігер болып еңбек етеді. Сондықтан Әміре Айтбақинді көпшілік білімі, дипломы бар қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер деп те таниды. Қазір осыны дәлелдейтін құнды құжаттар Қарқаралы аудандық мұрағатында сақтаулы.

Манарбек Кәрім, Қарқаралы аудандық мемлекеттік мұрағатының басшысы:


— Бұл – «Қазақтың қымызының патентін кім алып қойды?» деген үлкен сұраққа жауап. Қымыздың құрамын зерттеп, ол туралы 1896 жылы кітабын шығарған – Әміре Айтбақин. Сондықтан басқа елдің қымызды меншіктеуге ешқандай құқы жоқ деп ойлаймын.

 

Соңғы жаңалықтар