"Қар адамы" деген кім - Ғалымдар анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қар адамы" деген кім - Ғалымдар анықтады

"Қар адамы" деген кім - Ғалымдар анықтады

Зерттеу барысында 24 үлгі қолданылды

  • 30 Қараша 2017
  • 972
Фото - Caravan.kz

Британдық ғалымдар Гималайда және Тибет үстіртінде жиналған қар адамының сүйек, тіс, тері, шаш және фекалий үлгілерін зерттей отырып, қар адамы шын мәнінде аю болып табылады деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Today.kz сайты "The Guardian" басылымына сілтеме жасай отырып.

Зерттеу барысында 24 үлгі қолданылды. Ғалымдар қар адамының тоғыз қалдық фрагментінің сегізі аюға, енді бірі итке тиесілі деп тапты.

Сонымен қатар кейбір үлгілер жылқыға тән, тіпті адамға тиелісі фрагменттер де табылған.


Мамандар өз зерттеулерінде қар адамы бағзы гоминид болып табылмайтынын атап өтті.

Ғалымдар қар адамы туралы аңыздарды жойып қана қойған жоқ, сонымен бірге Гималайды мекендейтін аюлар туралы жаңа мәліметтер тапқандарын да айтып өтті.