Шымкентте балабақша өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте балабақша өртенді

Шымкентте балабақша өртенді

Шымкентте балабақшадан өрт шықты.

  • 4 Желтоқсан 2017
  • 162
Фото - Caravan.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,  Республика даңғылында орналасқан №66 «Болашақ» балабақшасында өрт 2 желтоқсан түнгі сағат 23:00 шамасында тұтанған. Жалын ғимараттың бірінші қабатында орналасқан жатын бөлмеден шыққан,  ағаш едендер мен  ескі заттар және пластикалық  терезелер жанған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 8 сөндіруші мен 2 техника аттанған. Алайда балабақша қызметкерлері құтқарушылар келгенше отты өз күштерімен сөндірген. Төтенше жағдай түнде болғандықтан зардап шеккендер жоқ.  Жалынның шарпыған аумағы 15 шаршы метрді құрады.

2 желтоқсан күні сондай-ақ қаладағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты. Қаланың іргесіндегі Айнатас елдімекенінде  күндізгі сағат 15.32 шамасында жеке үй жанған. Тілсіз жау баспананың 24 шаршы метр аумағын шарпыды.  Өртті сөндіруге 8 адам және 2 техника жұмылдырылды. От 16.40-та толығымен сөндірілді.  Оқиға орнында 32 жастағы  ер адамның мәйіті табылды.


Қазіргі таңда екі өрт оқиғасының да шығу себебі мен келген шығын көлемі анықталуда.