Еліміздің төрт өңірінде дабылды ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің төрт өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің төрт өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Маңғыстауда, Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жел күшейіп, Қызылорда облысында тұман түседі

  • 5 Желтоқсан 2017
  • 142
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысында 5 желтоқсанда кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік-шығыс бағытында жел күшейеді — 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында 5-6 желтоқсанда кей жерлерде оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан жел күшейеді — 15-20 м/с, қар жауып, боран соғады, желдің ұйытқуы — 23 м/с. Оралда оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соққан желдің екпіні — 18 м/с, ұйытқуы 20 м/с.

Қызылорда облысында 2-8 желтоқсанда тұман түседі деп күтіледі.


5 желтоқсанда күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар қалың жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.